My CMS
Аймақ

БИЫЛ 426 АДАМ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕЛЕНЕДІ

Мемлекет басшысы біздегі құрылып жатқан жұмыс орындарының көбі қысқа мерзімге бейімделген. Мұндай әдіспен халықты тиімді жұмыспен қамтамасыз ету мүмкін емес, еңбек нарығын уақытша ғана тұрақтандырады. Сондықтан, біз ең алдымен маман жетіспейтін өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм, қызмет көрсету, ақпараттық технологиялар салаларында тұрақты жұмыс орындарын ашуымыз қажет, – деген болатын.

Бүгінде Шымкент қаласында соңғы жылдары жұмыспен қамту шараларын күшейту арқылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда отбасы саны 31,7% азайып, 6443 отбасыны құрады. Бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау 2023 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда -31,3% төмендеген. Өңірлік коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева осылай деді.

–Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бірден бір жолы – ол азаматтарды кәсіпкерлікпен айналысуға бағыттау, яғни жаңа бизнес идеяларды іске асыру болып табылады. Осы бағытта 2019 жылдан бастап халықтың осал тобына жататын азаматтарға қайтарымсыз негізде грант беру жұмыстары ұйымдастырылуда. Оларға — атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар, -деді басқарма басшысы.

Грант мөлшері 400 АЕК мөлшерінде беріледі (2023 жылы 1350,0 мың теңге, 2024 жылы 3692х400=1476,0 мың теңге). Грантқа үміткерлер, яғни халықты осал тобына жататын азаматтар бірінші кезекте «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқып, арнайы куәлік алуы тиіс. Алынған куәлік 3 жыл мерзімге жарайды. Екіншіден – өтінімді «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде өтінім ұсынуы тиіс.

2024 жылы грант екі лекте беріледі, 2024 жылдың сәуір айы (213 адам) және маусым (213 адам) айларында беріледі. Жалпы жоспар 426 адам. Бірінші лек 2024 жылдың 8 сәуірінен-18 сәуірге дейін өтінімдер онлайн қабылданады.

Ұсынылған өтінімдер арнайы құрылған комиссияның алдында әрбір азамат бизнес жоспарын таныстырады. Комиссия құрамына кәсіпкерлер палатасы, мүдделі басқармалар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылары кіреді.

Қатысты жаңалықтар

Г.БЕЛЬГЕРДІҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ БІЗДІ БІРІКТІРЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯҒА ШЫМКЕНТТІКТЕР БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗДАРЫ АЛҒАШҚЫ БОЛЫП ДАУЫС БЕРДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз