Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі жұмыссыз азаматтарды қолдау қажеттегіне тоқталып, бұндай мәселелердің белмең алмауы үшін сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеген болатын.
Президент тапсырмасына сәйкес, бүгінде жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мен оларға қолдау көрсету мақсатында түрлі мемлекеттік жобалар жүзеге асып келеді. Мемлекет тарапынан қолдау аясында мүгедектігі бар жандарды да жұмыспен қамту мәселесі басты назардан тыс қалған емес.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласының Абай аудандық мансап орталығы 2024 жылы мүгедектігі бар 40 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Жыл басынан бері аудандық мансап орталығы «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығымен бірлесе 7 мүгедектігі бар жанды жұмысқа тұруына қолдау көрсеткен.
Сондай ерекше жандардың бірі — 37 жастағы Эльмира Байғабысова. Бағдарламашы мамандығын аяқтаған Эльвираның 15 жылдан бері денсаулығы сыр беріп, ІІІ топтағы мүгедек атанған. 2024 жылдың қаңтарында әлеуметтік қолдау орталыққа келіп, мүмкіндігіме сай жұмыс қарастырып беруге өтінім қалдырған. Бұрын түрлі мекемелерде хатшылық қызметте 6 жыл жұмыс істеген. Нәтижесінде, №11 мектепте хатшылық қызметке жұмысқа орналысып, бүгінде белсенді жұмыс жасап жүр. Өз жұмысына көңілі толатын азаматша, алдағы уақытта көптеген тәжірибе жинақтайтына сенімді екенін жеткізді.
Айта кету керек, «TEN QOGAM» орталығы Шымкент қаласында мүгедектігі бар әрекетке қабілетті азаматтарға ақпараттық-консультациялық, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсетеді. 2023 жылы осы орталық арқылы 37 мүгедектігі бар азамат жұмысқа орналасқан. «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы, Ж. Аймауытов көшесі №130 мекен-жайында орналасқан.