My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ЖОЛ АҚЫСЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

Қоғамдық көліктердегі жолақыны көтеру маңызды мәселе болып табылады және бұл жан-жақты зерделеуді талап етеді.

Жол ақысын көтеру тасымалдаушылар тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасы жақсарған,  жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайларда ғана мүмкін болады. Алайда, азаматтардың кейбір санаттарына, әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтарына жеңілдіктер беру мәселесін қарастырылады.

Өз кезегінде әкімдік тасымалдаушылардың жауапкершілігін күшейтуді, автопарктерді жаңартуды жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте экологиялық ахуалды жақсарту үшін әлеуетті инвесторлармен электр автобустары мен маршруттарға қызмет көрсету және көліктің басқа да баламалы түрлерін енгізу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Бұл мәселелерді шешу және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау белгілі бір уақытты қажет етеді.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков осы осы бағыттағы қазіргі жағдайларды мұқият зерделеп, қалалық мәслихаттың наурыз сессиясының күн тәртібінен жолақыны көтеру мәселесін қарастыруды алып тастау туралы шешім қабылдады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР САЛАСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН БОЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ: 189 АРНАЙЫ ТЕХНИКА МЕН МЫҢДАҒАН ҚЫЗМЕТКЕР ЖҰМЫЛДЫРЫЛМАҚ

ulanonlinejob_r46y8xlo

БИЫЛ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «АҢСАҒАН СӘБИ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 441 КВОТА БӨЛІНДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз