My CMS
Аймақ

ДАУЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Шаһарда тіркелген ұжымдық еңбек даулары шешімін табуда. Атап өтер болсақ, «Нефтереммаш» ЖШС-і ұжымынан түскен өтінішке тексеру жүргізіліп, құзырлы органдар және Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының қатысуымен түсіндіру шаралары өтті. Нәтижесінде 20,7 млн.теңге көлемінде жалақы қарызы сәуір айында төленіп, мәселе толығымен шешілген.
Бүгінде қаланың 1009 кәсіпорнында еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарына аттестаттау жүргізілді. 144 кәсіпорында еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген. Кәсіпорындарда 1452 өндірістік кеңес жұмыс істейді. Қалада 3 848 кәсіпорын қызмет атқарса, оның ішінде 1 726 кәсіпорында түзілген ұжымдық шарттар 44, 8 пайызды құрайды.
Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы берген мәліметке сүйенсек, 2023 жылдың өткен үш айында қала аумағында 7 оқыс оқиға орын алып, салдарынан 5 адам зардап шегіп, 2 адам қайтыс болған. Тергеу материалдары іс жүргізу үшін құқық қорғау органдарына жіберілген.

Қатысты жаңалықтар

ТИІСТІ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ ЕНГІЗІЛУІ: САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 23 ҚАНДАС ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН

ulanonlinejob_r46y8xlo

БИЫЛ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз