My CMS
Аймақ

КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫҢ ТИІМДІ ТҰСТАРЫ КӨП

Тиімді және нәтижелі жұмыс жасау үшін халықпен кері байланыс өте маңызды.
Өткен жылдан бастап Мемлекет Басшысының Жарлығымен әкімдердің халықпен кездесу өткізу тәртібі өзгерді. Осы орайда, тоқсанына 1 рет қаладағы 5 аудан тұрғындарымен кездесудің желілік кестесі бекітілді.

Биылғы жылдың 5 айында М.Әйтенов қала аумағындағы тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, 70 кездесу өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша 908 мәселенің 381 шешілді, 432 -сі бүгінгі таңда орындалуда. Ал 95 мәселе 2024-2025 жылдары шешімін табады.

Сонымен қатар, әкімнің жеке қабылдауы барлық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен күні бойы «ашық есік» форматтында өтіп жатыр.
Халықты толғандыратын әрбір сұрақтарды бақылауға қойып, жоспарға енгізілді.

«Жыл басынан 6 жеке қабылдау өткізіп, 629 адам қабылдадым. Қабылдау барысында көтерілген мәселелер бойынша 322 тапсырма берілді. Оның 224-і шешімін тапса, қалғандары заң талаптарына сәйкес қаралуда.

Одан басқа, тұрғындарды толғандыратын мәселелерді соңына дейін орындалуына қол жеткізу, ашық және тиімді жұмыс жасау үшін әр елді мекеннен белсенді азаматтардың бақылауына қойдық. Бұл тәжірибе халықпен кері байланысты күшейтіп, қазірдің өзінде жақсы жағынан көрсетіп отыр»-деді, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Астанада өткен Орталық Коммуникациялар Қызметі арнайы баспасөз мәслихатында.

Қатысты жаңалықтар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЖАСТАРҒА САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ 900 ПӘТЕР БІРЕЛЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАУЫНДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШАҢЫРАҚ КҮНІ: ОТАНДАСҚАНЫНА 50 ЖЫЛДАН АСҚАН ОТБАСЫНЫ ШАҢЫРАҚ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз