My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ ӨНЕРКӘСІП ПЕН ИНВЕСТИЦИЯ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Шымкент қаласының өнеркәсіп кәсіпорындары 812,6 млрд теңгенің өнімін өндіріп, көлемін 15,8%-ға арттырды. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 89% құрап, 724,2 млрд теңгеге жетті. Өсім қарқыны республика бойынша орташа деңгейден жоғары болып, қала өңірлер арасында үшінші орынға шықты. Әсіресе химия өнеркәсібі 2,5 есеге, машина жасау 2 есеге, сусын өндірісі 81,2%-ға артқан.
Қалада жалпы аумағы 1 276 гектар болатын жеті индустриялық аймақ жұмыс істейді. Бүгінде онда 685,9 млрд теңгенің 446 жобасы жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. «Оңтүстік», «Тассай», «Жұлдыз», «Бозарық» аймақтарында және арнайы экономикалық аймақта ірі өндіріс орындары іске қосылып, инвестициялар тартылуда. Мәселен, «QazAlPack» алюминий қаптамасын шығару зауыты – 30 млрд теңгелік жоба аясында 112 адамды жұмыспен қамтыды. Ал «ZeineP» компаниясы медициналық бұйымдар өндірісін жолға қойып, 80 жұмыс орнын ашты.
Жалпы қала экономикасына 2025 жылдың жеті айында 425,4 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның 314,9 млрд теңгесі – жеке инвестициялар.
Алдағы бес жылға арналған жоспар да ауқымды. 2025–2030 жылдар аралығында құны 4,9 трлн теңге болатын 211 жоба іске асырылып, 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылмақ. Тек биылдың өзінде құны 65,7 млрд теңге болатын 22 жоба іске асып, 1 200-ден астам жұмыс орны ашылады. Олардың қатарында газобетон, құрылыс материалдары, қағаз, ылғалды майлықтар өндіретін жаңа кәсіпорындар бар.
Шымкенттің индустриалды аймақтары алдағы уақытта да кеңейтіліп, металлургия, мұнай-химия, тамақ және құрылыс индустриясында ірі жобалар жүзеге асырылмақ. Бұл қадамдар қала экономикасын нығайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Қатысты жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАР МЕН ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС: ШЫМКЕНТТЕГІ ЖҮЙЕЛІ ШАРАЛАР

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК:ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН «МИРАС» УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз