My CMS
Әлем жаңалықтары

БҰҰ ТҮРКИЯ МЕН СИРИЯҒА ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН ЖАПА ШЕККЕНДЕРГЕ 25 МЛН ДОЛЛАР БӨЛДІ

БҰҰ Түркия мен Сирияға жер сілкінісінен жапа шеккендерге 25 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек жібереді.

Қазір халықаралық құрылым өкілдері Түркияның Адана қаласында қолдау шараларын талқылауға кірісті. Жуық арада бір топ маман Газиантеп шаһарындағы құтқарушыларға қосылады. Ал БҰҰ-ның Балалар қоры Сирияда зілзаладан жапа шеккен отбасыларға ауызсу мен өзге де аса қажетті заттарды жеткізумен айналысып жатыр.

Стефан Дюжаррик, БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі: — Сирия бұған дейін де гуманитарлық дағдарысты бастан кешіп жатқан болатын. Бұл қолдау шараларын біршама тежеуі мүмкін. Бірақ біз зілзаладан жапа шеккендерге көмекті барынша жылдамдатуға күш салатын боламыз.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/585741-b-t-rkiya-men-siriya-a-zher-silkinisinen-zhapa-shekkenderge-25-mln-dollar-b-ldi

Қатысты жаңалықтар

НАТО Украина бойынша саммит өткізбек  

ulanonlinejob_r46y8xlo

Ж. Смат: «Референдум – жаңашыл саясатпен қатар, жаңа қоғамды қалыптастыруға мүмкіндік береді»

ulanonlinejob_r46y8xlo

SKYPE ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТТЫ: ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДІҢ БІР БЕЛЕСІ АРТТА ҚАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз