Шымкент қаласының №5 қалалық емханасында заманауи оқу және симуляциялық орталық ашылып, бұл қадам патронаж қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен балалардың дамуына оң әсерін тигізуді мақсат еткен маңызды бастама болып табылады. Орталықтың басты мақсаты – патронаж қызметкерлеріне тиімді әрі сапалы қызмет көрсетуге қажетті дағдыларды меңгерту және балалардың психофизикалық даму деңгейін көтеру. Осы мақсатта орталықта бірнеше бағыттар бойынша оқу және жаттығу жұмыстары ұйымдастырылады.
Оқу симуляциялық орталығында келесі негізгі бөлімдер қарастырылған:
1. Оқу бөлмесі: Оқу бөлмесінде Әмбебап Прогрессивті Патронаж Модулі бойынша теориялық және практикалық оқу жұмыстары жүргізіледі. Бұл модуль патронаж қызметкерлеріне балаларды дұрыс бақылау, алғашқы медициналық көмек көрсету, баланың денсаулығын бақылау және даму деңгейін бағалау бойынша қажетті білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. 2. Симуляциялық орталық: Симуляциялық орталық балалар мен ересектерге алғашқы көмек көрсету бойынша оқу-жаттығуларын ұйымдастыру үшін арнайы құрылымдалған. Мұнда қызметкерлер мен медициналық мамандар түрлі симуляциялық жағдайларда алғашқы көмек көрсету дағдыларын шыңдайды. Осылайша, олар науқас немесе төтенше жағдай кезінде тез әрі дұрыс әрекет етуге үйренеді. 3. Баланың психофизикалық даму кабинеті: Бұл бөлімде балалардың жас ерекшеліктеріне қарай арнайы даму бөлмелері бар. Орталықтың басты ерекшелігі – әр баланың жасына, психофизикалық жағдайына сәйкес оңтайлы дамыту бағдарламасын ұсынуы. Психологтар мен педиатрлар балалардың дамуын бақылап, олардың мінез-құлқын және физикалық дамуын сараптап, әр баланың дамуына қажетті арнайы жаттығулар мен ойындар ұйымдастырады. 4. Ресурстық орталық: Ресурстық орталықта балаларға қосымша тағамдарды бастау мен оның техникасын жүргізу бойынша оқу жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған. Бұл орталық баланың денсаулығына және дұрыс тамақтануына қатысты қажетті білімді ұсынады, сонымен қатар ата-аналар мен патронаж қызметкерлеріне пайдалы ақпарат береді. Балаларға тағам енгізудің дұрыс тәсілдері мен әдіс-тәсілдері бойынша мамандардың кеңес беруі мен оқу жаттығулары жүргізіледі. Бұл орталық патронаж қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беретін маңызды алаң болып табылады. Патронаж қызметкерлері үшін тиімді оқу мен тәжірибе жинақтау бағдарламалары ұйымдастырылып, балалардың денсаулығын бақылау мен дамытуға қатысты жаңа әдіс-тәсілдер үйретіледі. Орталықтың ашылуы арқылы медициналық қызмет көрсету сапасы артып, балалардың дұрыс дамуына және олардың денсаулығын сақтауға бағытталған шаралар жүйеленеді.