My CMS
Қоғам

Бас прокуратурада діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Соңғы жылдары елімізде прокуратура органдарымен үйлестіруімен құқық қорғау және арнайы органдар терроризм мен экстремизмнің алғы шарттарын анықтау және жолын кесу үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық базаны құру және жетілдіру бойынша елеулі жұмыс атқарылды.
Бүгінгі таңда интернет кеңістігінде радикалды идеялардың таралуы айтарлықтай қауіп төндіреді.
Құқыққа қарсы контенті бар сайттарды тексеру мақсатында 2017 жылы «Киберқадағалау» жобасы іске қосылды, оның нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар діни экстремизм мен терроризм белгілері бар 900 мыңнан астам веб-сілтемелерді бұғаттады.
Мысалы, 2022 жылдың соңында Бас прокуратура халықаралық террористік ұйымға қатысы бар жалған уағызшының «Youtube» бейнеконтентінің (шамамен 3 мың жазылушы және 5 мың қаралым) веб-сілтемесін бұғаттады.
Бұдан бөлек Бас прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе облысындағы ҰҚК Департаменті «Telegram» месенджері арқылы «қарулы» жиһад материалдарын таратқан «Б» азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады.
Сот үкімімен аталған адам ҚК-нің 256-бабы (терроризді насихаттау) бойынша 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫҢ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ: СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ЖАҢА ЗАҢНЫҢ МАҢЫЗЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

15 НАУРЫЗ: ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ҮШІНШІ ОТЫРЫСЫ.

ulanonlinejob_r46y8xlo

АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз