My CMS
Әлем жаңалықтары

ТҮРКИЯДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІ САЛДАРЫНАН 284 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан, қаза тапқандардың саны 284 адамға жетті. Ресми ақпарат бойынша жарақат алғандар, 2 мыңнан асқан.

Бұл туралы елдің вице-президенті Фуат Октай хабарлады. Айтуынша, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Түрік халқы бүгінгі күнді қайғылы хабармен қарсы алды. Таңғы 04:26 болған жер сілкінісінен 1700-ден астам ғимарат жермен жексен болды. Үгінділер астында қалып қойғандар саны белгісіз. Мамандардың айтуынша, осы тектес апат Түркияда 1999 жылы тіркелген.

Фуат Октай, Түркия вице- президенті: —   Жер асты дүмпулері қауіпті. Ғимараттар зақым көрсе, афтершоктарда қирау қаупі бар. Сондықтан, бұл нысандарды тиісті инженерлер тексерістен өткізеді. Баспана мәселесі бойынша провинцияларға шатырлар мен көрпелер жеткізілді. Өкінішке орай, Искендурандағы ауруханамыз ескі болғандықтан, зілзалаға төтеп бере алмады.  Мектептеріміз бен жатақханаларымыз жақсы жағдайда.

Аймақта халықаралық көмекті қамтитын төртінші деңгейлі дабыл жарияланды. Ішкі істер министрінің мәліметінше, жер сілкінісінен 10 провинция зардап шекті. Олар Газиантеп, Кахраманмараш, Хатай, Османие, Адияман, Малатия, Шанлыурфа, Адана, Диярбакыр және Килис аймағы. Аталмыш өңірлерде, білім беру орындары уақытша жұмысын тоқтатты. Османие тұрғыны Элнұр Паша оқиға болған уақытта көршілес провинцияда іс- сапарда жүрген. Қазір ол үйіне жетуге асық.

Элнұр Паша, Османие тұрғыны: — Жер сілкінген уақытта Мерсинде болдым. Қазір Османиеге бару үшін бірнеше көлік ауыстырып Аданада тұрмын. Келіншегім мен ұлым сонда. Хабар алдым. Аман екен. Енді қастарына жетіп алсам, арман жоқ. Апат айтып келмейді дегені осы. Кеше ғана уайымсыз жүр едік. Ал бүгінгі жағдай мынау.

10 провинцияда құтқару жұмыстары жалғасуда. Қазірге дейін бірнеше адам үгінді астынан шығарылды. Тап қазір аймақта қар аралас жаңбыр себелеп тұр. Бұл да құтқарушылардың жұмысын күрделендіріп жатыр. Апаттық жағдайға дайын түрік жұрты, шұғыл түрде шатыр құрып тұрғындарды қауіпсіз аймаққа орналастырды. Айта кеткен жөн, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі, апат аймағында ел азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/585460-t-rkiyada-y-zher-silkinisi-saldarynan-284-adam-aza-tapty

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ЖАҢА ОҚУ ЖӘНЕ СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Еуроодақ Ресейге еуро алып кіруге тыйым салды

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕУРООДАҚ ПЕН ТУНИС ЗАҢСЫЗ МИГРАЦИЯМЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз