My CMS
Аймақ Қоғам

ШЫМКЕНТ: ҚҰРЫЛЫС, ЖОЛ САЛАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Елімізде тамыз айында құрылыс және жол салалары қызметкерлерінің кәсіби мерекелері аталып өтеді. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мегаполистің дамуына үлес қосып жүрген мамандарды құттықтап, Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекеттік наградалар — ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттап, үздік қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті.

Қала басшысы сала мамандарының орасан еңбегіне тоқталып, қызметкерлердің жоғары кәсіби біліктілігін, жауапкершілігін атап өтті. Олардың күш-жігерінің арқасында қалада жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар бой көтеруде Бұл игілікті істер халықтың жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуде.

Шымкентте республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғаннан бері 4,5 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтерді. Биылдың өзінде 1,37 миллион шаршы метр тұрғын үйді ел игілігіне тапсыру жоспарлануда. Өткен жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 11 жаңа мектеп пен 2 оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Сонымен қатар 17 білім беру нысаны мен бірқатар әлеуметтік ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда да ауқымды жобалар іске асуда. Жыл сайын орта есеппен 250 шақырым жол жөнделсе, биыл бұл көрсеткіш 1 059 шақырымға жетеді.

Қатысты жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ – ОТАНДЫҚ ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯНЫҢ ТОЛАҒАЙ ТАБЫСЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

2023 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНАН БАСТАП КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМА — АҚШАЛАЙ ТҮРДЕ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ЕТ САТАТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛУДЕ: МАЛ ҰРЛЫҒЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАР

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз