My CMS
Саясат Соңғы жаңалықтар Қоғам

ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ РӨЛІ АЙРЫҚША

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Ө.Жәнібеков атындағы педагогикалық университеттің студенттерімен «Ұлт тірегі – Отбасы» тақырыбында кездесу өтті. Шараға Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері қатысты.

Кездесу мақсаты – жастарға отбасы институтының қоғамдағы рөлін түсіндіру, отбасының маңыздылығын және құндылықтарын насихаттау. Отбасы – қоғамның негізі, ал ұрпақ – еліміздің болашағы. Іс-шара барысында жас буынға қазіргі қоғам талаптарына сай жан-жақты және үйлесімді тұлға тәрбиелеу қажеттігі айтылды. Мемлекет отбасы тәрбиесі мен құндылықтарына ерекше көңіл бөліп келеді, бұл бағытта әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның рөлі айрықша.

Жиында Назарбаев университетінің профессоры және «InterPress IH» халықаралық тілдер орталығының директоры Ардақжан Жакенова, Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, сондай-ақ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Айғаным Мұхтарқызы сөз сөйледі. Олар қоғамдағы келеңсіздіктер мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы айтып, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, әдеп-инабаттың маңызы жөнінде ой бөлісті. Спикерлер отбасының тұрақтылығы қоғамда бейбіт те берекелі өмірдің негізі болатынын атап өтті.

Кездесу барысында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі мамандардан нақты кеңестер алды. Спикерлер отбасының қоғамдағы рөліне, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау қажеттілігіне ерекше тоқталып, жастарға маңызды ақпарат ұсынды. Сондай-ақ, отбасының қоғамдағы рөліне тоқталып, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығына тоқталды.

Қатысты жаңалықтар

ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ 80 ПАЙЫЗЫ СЫНАҚТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТАПСЫРДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

TESLA САУД АРАБИЯСЫ НАРЫҒЫНА ҚАДАМ БАСТЫ: ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ БАСТАУЫ МА?

ulanonlinejob_r46y8xlo

Зейнетақы жүйесінде өзгерістер болады 

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз