My CMS
Аймақ

Тапсырмалар орындалуда

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін Еңбекші ауданының белсенді тұрғындарын қабылдап, хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысын пысықтады.

Жиынға қалалық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары қатысты.

Тұрғындармен кездесулер барысында қордаланған өзекті мәселелерді шешуде жүйелілік пен қадағалау жұмыстары оң нәтижелер беруде. Қазығұрт, Қаратөбе, Жұлдыз аумағы бойынша зерделенген тапсырмалардың орындалу барысы ұдайы назарда.

Аудан бойынша 48 хаттамалық тапсырма берілсе, бүгінде 6 мәселе нақты шешімін тапты. Қалған 42-і орындалу барысында. Негізінен, жол, инфрақұрылым, әлеуметтік сала бойынша мәселелер шешілді.

Хаттамалық тапсырмаға сәйкес, «Қазығұрт» аумағындағы Маятас, Елтай, Жыланбұзған, Айнатас елді мекендерінің орталық көшелеріне аялдама қойылатын орындар зерделенді.

Маятас тұрғын алабында Көлді көшесі бойына 7, Елтай елді мекенінде Найзатас көшесі бойына 6 , Жыланбұзған тұрғын алабында Қарақыстақ көшесі бойына 3, Айнатас тұрғын алабында орталық Айнатас көшесі бойына 4 дана қажетті жол белгілері мен аялдама павильондары орнатылды.

Сонымен қатар, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен бірлесіп, Тоғыс тұрғын алабында орналасқан ескі электр бағаналарын жаңарту және трансформаторлардың қауіпсіздік қоршауларын жүргізу бойынша тиісті тапсырмалар берілген болатын. Қазіргі таңда «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан тұрғын алапта орналасқан 2 трансформатор қоршалып, 7 электр бағанасы ауыстырылды.

Жиында шаhар басшысы жұмыс барысындағы тапсырмалардың орындалу барысын да үнемі бақылауға алып, ай сайын аудан белсенділеріне баяндалып отыратынын жеткізді.

Аудан белсенділері хаттамалық тапсырмалар орындала бастағанын, қолға алынған жұмыстар халыққа түсіндіріліп жатқанын атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 5 МЛН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІНГІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

«ТАЗА ҚАЛА» ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ 76 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯНЫҢ ЖҮРЕГІНЕ АШЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз