My CMS
Қоғам

Зейнетақы жүйесінде өзгерістер болады 

2050 жылға қарай еңбекке қабілетті халыққа жүктеме екі есе артады.

БҰҰ осындай  болжам берді. Зейнеткерлер саны 3 млн-нан астам адамға жетеді. Бізде республикалық бюджеттің төрттен бір бөлігі жыл сайын зейнетақы төлеуге жұмсалады. Биыл осы мақсатқа 2,9 трлн теңге бөлінген. 2028 жылға қарай зейнетақы орташа айлықтың шамамен 47%-ін ғана алмастыратын болады және көрсеткіштер осылай төмендей береді дейді мамандар. Осы орайда жүйеге бірқатар өзгеріс енгізілетінін еске салайық. 2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің 5% міндетті зейнетақы жарналарын енгізу көзделген. Ал 2028 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемінен ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшуі мүмкін. Қазіргі уақытта Еңбекмин оны тағайындаудың нақты тетігін пысықтауда. Халықаралық еңбек ұйымының талабына сай жоғалған табыстың кемінде 40%-ін зейнетақымен алмастыру керек. Аталмыш өзгерістермен ведомство осы көрсеткішке келуді көздейді.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/535596-zejneta-y-zh-jesinde-zgerister-bolady

Қатысты жаңалықтар

«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

2024 ЖЫЛЫ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ 140 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ АЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз