Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайда «Сапалы жол жалпыұлттық міндетке айналуы керек. Жолдың сапасы жақсармай, еліміздің дамуы туралы сөз қозғау мүмкін емес», – деп маңызды қалалардағы жолдың жағдайын түзету туралы атап өткен болатын.
Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Шымкент қаласында бірқатар маңызды жолдар мен ішінаралық жолдар ретке келтірілуде. Сондай-ақ, қала әкімінің қатаң бақылауына алынған жолдар мен жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Тұран ауданы аумағында 8 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Бұған дейін Тұран ауданында 18 көшеде құрылыс жұмыстары басталып, оның ішінде 13 көшеде жаяу жүргіншілер жолы толық салынған болатын.
Атап айтқанда, Тайманов, Байтулы баба, Дермене, Еңбекші, Сымбатты, Үміт, Сарсенбаев, Бектаев, Тәжібай ата,Мөңке би, Жандосов, Татулық және Октябрьская көшелерінің жаяу жүргіншілер жолы қолданысқа берілді.
Сондай-ақ, Тұран ауданында жыл соңына дейін Сұлтан Бейбарыс, Исаханов, Интернациональная, Бәйдібек би және Жаркент көшелеріне де жаяу жүргіншілер жолы салынып, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілетін болады.
Мектеп оқушыларының көшені қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында, Назарбеков көшесі Назарбаев атындағы зияткерлік мектеп тұсына трапеция тәріздес жаяу жүргіншілер өтпесі жасалынды. Сонымен қатар, салынған трапециялық жаяу жүргіншілер өткеліне жол таңба сызу жұмыстары жүргізілді. Салынған трапециялық жаяу жүргіншілер өткеліне жол таңба сызу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, қаланың оңтүстік бағыттағы жалғыз кірме-шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда.