My CMS
Аймақ

Көшпелі жәрмеңкелер арқылы 2 066 жас жұмыспен қамтылған

Шымкентте биыл 18 425 жасты жұмыспен қамту көзделіп отыр. Бұл туралы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы М.Шотанов қала әкіміне баяндады.

Жастар арасында жұмыссыздық мәселені шешу мақсатында көшпелі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жиі ұйымдастырылуда. Мемлекет тарапынан жастарға берілетін мүмкіндіктерді мәлім ететін көшпелі жәрмеңке жыл басынан бері 19 орында өткен.

Мұндай жәрмеңкелер барлық жасқа қол жетімді болуы үшін саябақтар мен сауда орталықтарында, шалғай елді мекендерде және Жастар ресурстық орталығында ұйымдастыру қолға алынған. Алдын ала құлағдар болуы үшін өтетін орны БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланады.

Көшпелі жәрмеңкелердің нәтижесінде 2 066 жас жұмысқа орналасқан. Атап айтқанда, жастар практикасымен – 540 жас, 745-і қоғамдық жұмыс орындарына бағытталса, 50 жас алғашқы жұмыс орнына орналасқан. Сонымен қатар, 50 жас әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 701 жас маман тұрақты жұмысқа орналасқан.

Басқарма басшысының сөзінше, жыл соңына дейін тағы 60 көшпелі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Жастарды жұмыспен қамтудың барысын тыңдаған қала әкімі жастарға ресми түрде жұмысқа орналасу маңызды екенін айтты.

–Жас маман үшін жұмыс өтілімі өте маңызды. Сондықтан оларға ресми түрде жұмысқа орналасуды түсіндіру қажет. Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі терең зерделеуді талап етеді. Мамандығына сай жұмысқа орналасуы үшін білім, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау секілді басқармалармен бірге жұмыс жасауды қолға алу керек, — деді қала әкімі.

Қатысты жаңалықтар

ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК:ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН «МИРАС» УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

БІЗДІ БІРЛІККЕ БАСТАЙТЫНБАЙСАЛДЫ БАСТАМАЛАР БІРІКТІРЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз