My CMS
Қоғам

«AMANAT» партиясы қоғамдық қабылдауды шалғайдан бастады 

Ақмола облысы Новосельское ауылында су мәселесі шешілмей келеді. Көшелерді жарықтандыру, жол жөндеу, инженерлік желілер мен әлеуметтік инфрақұрылым тарту жұмыстары да кешеуілдеп қалған.

Бұл туралы ауыл тұрғындары «AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауында айтты. Саяси ұйым өкілдері бүгін Ақмола және Қарағанды облыстарында орталықтан шалғай жатқан 10 ауылды аралап, жергілікті жұртпен кездесті. Халықтан түскен әр өтінішке жауапты тұлғалар белгіленіп, оларды орындау мерзімі нақтыланды. Новоселькое ауылында су құбырын тарту жұмысы биыл басталатын болды.

Светлана Паль, ауыл тұрғыны: – Ауылдағы өзекті мәселенің бірі – ауыз су. Жиі тоқтап қалады. Құбырлар әбден тозған. Бүгін қоғамдық қабылдауда айтылған мәселелер шешімін табады деген үміттемін. Жаңа су құбыры салынып, ауылымыз таза ауыз сумен қамтылатына сенемін.

Партияның мобильді тобы Қарағанды облысындағы Егіндібұлақ, Шешенқара, Дубовка, Бидайық, Орынбай ауылдарын да аралады. Ауыл деген аты болмаса, мұнда жайылымдық жер жетпейді. Енді бірінде ұялы байланыс нашар. Жолдың сапасы да мәз емес. Дубовка ауылында инженерлік желілерді жөндеп, газдандыру өзекті болып тұр. Ал Бидайық елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік бөлімше жоқ. Сондай-ақ жарық жетіспейді. Сондықтан тұрғындар қосымша трансформатор орнатуды сұрады. Жергілікті жерде кәсіп ашуға ниеттілер де баршылық. Алайда жеңілдетілген несие алыстағы ауылға жете бермейді. Тұрғындар аталған мәселелерді жедел шешіуді «AMANAT» партиясының өкілдеріне аманаттады.

Хасен Калменов, ауыл тұрғыны: – Шалғай жатқан елімізге келіп, халықпен сұхбаттасып, халықтың жағдайымен танысып жатқанына көптен-көп рахметімізді айтамыз. Мынау егін жай, жер мәселесі, шабындық жайлым мәселесі соны айтып жоғары жаққа жеткізсеңдер.

Азамат Біржанов «AMANAT» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары: – Қай ауылда, қай ауданда, қай облыста қандай мәселе бар екеніне сараптама жүргізіп, оны мемлекеттік құзырлы органдарға тапсырып, оны бақылауға алып, келесі жолы жол картасына енгізу. Міне, осындай үлкен мақсат алдымызда тұр.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/533389-amanat-partiyasy-o-amdy-abyldaudy-shal-ajdan-bastady

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «АЛҒЫС АЙТУ» КҮНІ МЕН ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БЕТБҰРЫС» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҮЕҰ-ҒА АРНАЛҒАН СЫЙЛЫҚАҚЫ ҮШІН ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз