365online
Экономика

Енді елден алтынды заңсыз шығаруға жол жоқ

Елден құны 10 мың доллардан асатын шетел валютасын алып шығуға тыйым салынды.

Қаржы сомасы Ұлттық банктің сол күнге белгіленген бағамы бойынша есептеледі. Сондай-ақ Ұлттық Банк шығаратын тазартылған алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын «алтын барыс» және «күміс барыс» инвестициялық монеталарын, 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынды. Мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай қаулы шығарды. Ел үкіметі мен Ұлттық банк және мүдделі мемлекеттік органдарға осы жарлықты іске асыруға қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Жарлық бүгіннен бастап күшіне енеді.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/533350-endi-elden-altyndy-za-syz-shy-aru-a-zhol-zho

Қатысты жаңалықтар

КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАНЫҢ ҮЛЕСІ 19%-КЕ ЖЕТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

ulanonlinejob_r46y8xlo

Шетелге ақша шығарғандар тексеріліп жатыр

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз