My CMS
Әлем жаңалықтары

Гаагада Кабул түрмесінде саяси тұтқындарды қинады деп айыпталған бұрынғы шенеуніктің соты басталды

16 ақпанда Нидерландыда Кабул түрмесінде саяси тұтқындарды қинап, азаптады деп айыпталған 76 жастағы бұрынғы түрме бастығының соты басталды. Абдул Р. есімді күдікті Ауғанстанда адамдарды сотсыз қамап, азаптаған және дарға асқан «атақты» Пули-Чархи түрмесіне жетекшілік етті деген күдікке ілінген. Егер кінәсі дәлелденсе, 20 жыл немесе өмірлік түрме жазасына кесілуі мүмкін.

Күдікті сот тыңдауы кезінде тағылған айыптан бас тартып, айыптаушы тарап жаңылысып отыр деп деген. Сәлден соң өзін нашар сезініп тұрғанын айтып, камераға жеткізуін өтінген. Ешнәрсе есінде қалмағанын, тіпті аты-жөнін де ұмытып қалғанын жеткізген.

Ал айыптаушы тарап оның дәл сол адам екенін, жаңылыспағанын атап өткен.

Прокурорлардың айтуынша, аталған адам Пули-Чархи түрмесін 1983-90 жылдары басқарған. Ол кезде коммунистік режимге қарсы мыңдаған адам әділетті сотқа тартылу құқығынан айырылып, аталған абақтыға қамалған.

Сотта куәгерлердің жан түршігерлік азаптаулар жайлы куәліктері оқылған. Абақтыда тұтқындар азаптауға ұшыраған, түрме қызметкерлері оларды тоқ соқтырып қинаған, тырнақтарын жұлған. Ауасы тар, лас жерлерде ұстаған.

Күдікті Нидерланды азаматы болғандықтан қылмыстық іс сол елде қаралып отыр.

Қатысты жаңалықтар

Ресей-Украина тартысы. Орталық Азиядағы «дыбыссыз режимдегі» тақырып

ulanonlinejob_r46y8xlo

АҚШ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТРАМПТЫҢ ТАРИФ САЯСАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ СОТҚА ЖҮГІНДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

КОРЕЯДА ДӘРІГЕРЛЕР ШЕРУІ БАСЫЛМАЙ ТҰР

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз