365online
Аймақ Соңғы жаңалықтар Қоғам

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен студент жастар арасындағы буллинг, кибербуллинг және сталкингтің алдын алуға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара жоғары оқу орнында қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталды.

Кездесу барысында студенттерге құқықтық және психологиялық қолдау көрсету, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жастарды заманауи қауіп-қатерлерден қорғау тетіктері түсіндірілді. Қатысушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жан-жақты таныстырылып, буллинг пен кибербуллингке тап болған жағдайда жүгіну жолдары айтылды.

Іс-шараға заң, педагогика, психология және спорт саласының білікті мамандары қатысып, буллингтің алдын алу, цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік, өзара сыйластық пен ашық диалогтың маңызы туралы мазмұнды баяндамалар жасады. Сонымен қатар, студенттер мен оқытушыларға ақпараттық-түсіндіру материалдары таратылды.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІ – ЗҰЛЫМ!» ІС-ШАРАСЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫ АРТТЫРУ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ҚОРҒАУ ЖОЛЫНДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫНАН 86 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЖИНАЛАДЫ ДЕП ЖОСПАРЛАНУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

АСАР-2 ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз