Шымкент қаласының Достық үйінде қалалық Ассамблея жастарының кезекті отырысы өтті. Жиынға белсенді жастар, қоғамдық ұйым өкілдері және Ассамблея жастарының мүшелері қатысты.
Отырыс барысында Қызылорда қаласында өткен Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысында көтерілген ел дамуының басым бағыттары, ұлттық бірегейлікті сақтау, жастар тәрбиесі мен қоғамдық жауапкершілік мәселелері талқыланды. Аталған бағыттар Ассамблея жастарының алдағы жұмысына стратегиялық бағдар ретінде айқындалды.

Сонымен қатар, Ассамблея жастарының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылып, жыл бойына жүзеге асырылатын негізгі жобалар мен қоғамдық іс-шаралар бойынша ұсыныстар енгізілді. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі ретінде 2026 жылғы ақпан айына жоспарланған іс-шаралар талқыланып, олардың мазмұны мен форматы пысықталды.

Жиын аясында қоғамдық тұрақтылық пен өзара сыйластықты нығайтуға бағытталған қоғамдық этика және қарым-қатынас мәдениеті тақырыбы қозғалып, қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылды.
