My CMS
Аймақ Соңғы жаңалықтар Қоғам

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІ 2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің 2025 жылға арналған қорытынды отырысы өтті. Жиынды Аналар кеңесінің төрағасы Гүлжан Сүгірбаева жүргізіп, жыл бойы атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасалды.

Кеңес мүшелері 2025 жылы жүзеге асқан бастамалар, отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытындағы іс-шаралар, жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты атқарылған жұмыстар туралы есеп тыңдады. Әсіресе қоғамдағы әйелдер рөлі, отбасындағы татулық пен ұлттар арасындағы бірлікті нығайту бағытындағы жобаларға кеңінен тоқталды.

Отырыс барысында Қарағанды облысында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық семинарының материалдары таныстырылып, онда көтерілген өзекті мәселелер мен тәжірибе алмасу нәтижелері талқыланды. Бұл ақпарат алдағы жұмысты жетілдіруге бағытталған тиімді ұсыныстардың қалыптасуына негіз болды.

Сонымен қатар жиында 2026 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды. Кеңес мүшелері отбасы институтын қолдау, жас аналармен жұмыс, этностардың мәдени құндылықтарын сақтауға бағытталған шараларды күшейту бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын қорытындысында Аналар кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды. Төраға Гүлжан Сүгірбаева кеңес мүшелеріне белсенді жұмыс пен қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайтуға қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, алдағы жылы да осы бағыттағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

БАРЛЫҚ САНАТТАҒЫ ШАҚЫРТУЛАРҒА ЖЕДЕЛ КӨМЕК БРИГАДАЛАРЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

СЕНАТТА ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ АЯСЫНДА МҮЛІКТІ БАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз