My CMS
Саясат Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН МЕН ВЬЕТНАМ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІ ТЕРЕҢДЕТУГЕ НИЕТТІ

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы стратегиялық ынтымақтастық нығая түспек. Бұл бағыттағы өзара ықпалдастықтың маңыздылығы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Ламмен өткен кездесуде ерекше атап өтілді.

Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев мәртебелі мейманды Вьетнам үшін аса маңызды күн — Бірігу мерекесінің 50 жылдығымен құттықтап, екі ел арасындағы тарихи достықты жоғары бағалады. Спикер парламентаралық байланысты одан әрі тереңдетудің, заң шығару тәжірибесімен алмасудың маңызына тоқталып, өзара байланыс сенім мен ашықтыққа негізделгенін атап өтті.

Сұхбат аясында тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы серіктестікті кеңейту мәселелерін қозғады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, логистика, ақпараттық технологиялар мен көлік инфрақұрылымы сынды салаларда нақты жобаларды жүзеге асыру қажеттігі сөз болды.

То Лам өз кезегінде Қазақстанда соңғы жылдары жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік реформаларға жоғары баға беріп, Вьетнам тарапынан Қазақстанмен тығыз серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді. Ол сондай-ақ екі ел арасындағы тікелей байланыстар мен бірлескен жобалардың маңызын атап өтті.

Кездесу достық, өзара құрмет пен сенім аясында өтті, бұл екіжақты қарым-қатынастың келешекте де ілгерілей беретініне сенім ұялатады.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды іріктеу басталды

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЗАҚСТАНДА ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ 70%-ҒА ЖУЫҒЫ ЦИФРЛАНДЫРЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЗАҚСТАН-МАЖАРСТАН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз