My CMS
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жөнелтті

Азық-түлік, балалар тамағы, киім-кешек және дәрі-дәрмек. Бүгін Қазақстан халқы атынан Украинаға гуманитарлық көмек жөнелтілді.  Аса қажетті керек-жарақ тиелген екі жүк көлігі 6 мемлекет атап айтсақ Әзербайжан, Түркия, Грузия, Болгария, Румыния елдері арқылы жүріп өтеді. Көліктер 10 тәулік ішінде Киев облысына жетеді. Алдағы уақытта  тағы осындай 4 жүк көлігін жөнелту қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, бұл шара еліміздегі еріктілердің бастамасымен қолға алынды.

Петр Врублевский, Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті  елшісі: — Бүгін біз екі жүк көлігінен тұратын алғашқы автокеруенді жіберіп жатырмыз. Бұл сіздер, яғни Қазақстан халқы атынан Украина тұрғындары үшін жиналған 40 тонна гуманитарлық көмек. Бұған дейін біз әуе жолдары арқылы 25 тонна жүк жібердік. Қазақстан халқы мен еріктілерге алғысым шексіз. Тұрғындар көмек жинауға өте белсенді атсалысып жатқанын көріп отырмыз.

Рахымбек Әбдрахманов, волонтер: — Бұл акцияға атсалысып, қол ұшын созған қазақстандықтарға рахмет. Петропавл, Өскемен, Қарағанды, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Алматы қалалары және көрші елдер де көмегін аямай жатыр. Тіпті Қытай, Катар елдерінен бізге хат жазды. Елорданың өзінен 6 борт жөнелттік. Біздің еріктілер ұйымы жинаған қаражатты кеше Елшіліктің есеп-шотына аудардық. Енді қаржылай көмекті Елшіліктің гуманитарлық көмекке арналған ресми шотына жіберуге болады.

Айта кетейік, Қазақстан Үкіметі Украинаға ресми гуманитарлық көмек көрсету жөнінде шешім қабылдады. Осы мақсатта 14 наурыз күні Алматыдан Варшаваға дейін ұшақ рейсін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/532732-aza-stan-ukraina-a-gumanitarly-k-mek-zh-neltti

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ІРІ КЕРАМИКАЛЫҚ ПЛИТАЛАР ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

КӨШЕЛЕРДІ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 1 МЛН ТЕҢГЕ МӨЛШЕРІНДЕ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ БЕРІЛЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз