My CMS
Соңғы жаңалықтар Экономика

ҮКІМЕТ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҮЛЕСТІ ҚЫСҚАРТАДЫ

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Үкімет 475 кәсіпорынды жекешелендіру, біріктіру немесе тарату туралы шешім қабылдады. Бұл жұмыс 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асады.

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының жарлығы нақты әрі уақытылы орындалуы тиіс екенін атап өтті.

Мемлекеттік экономикадағы үлес тек әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық секторлармен шектеледі.

Үкімет орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесін арттыру, бәсекелестікті тежейтін кедергілерді жою бойынша да шаралар қабылдайды.

«Нарық ашық әрі әділ болуы керек. Мемлекет артық қатысқан салалар бизнестің еркін дамуына кедергі келтіреді,» – деді Премьер-министр.

Бұл қадамдар кәсіпкерлікке кең жол ашып, әділ нарықтық орта қалыптастыруды көздейді.

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ: «БІЗ – ӘРТҮРЛІМІЗ, БІРАҚ БӘРІМІЗ ТЕҢБІЗ»

ulanonlinejob_r46y8xlo

«ТИТАНИК» АПАТЫНАН ҚАЛҒАН ХАТ: ТАРИХИ ЖӘДІГЕР $400 МЫҢҒА САТЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: ҚАР ТАЗАЛАУ 5 БАҒЫТТА ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз