My CMS
Соңғы жаңалықтар

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАРМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР!

Франция астанасында Қазақстан құрамасы сапында Шымкент қаласынан аттанған спортшыларымыз аз емес.  Жерлестеріміз таеквандо, бокс, каное, көркем гимнастика, семсерлесу, нысана көздеу, грек-рим күресі сынды спорт түрлерінен олимпиаданың алтын жүлдесіне таласатын болады.Қазақстан Тәуелсіздік жылдарынан бері осымен сегізінші мәрте жазғы Олимпиадаға қатыспақ.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары биыл алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енген брейкинг және бадминтон сияқты спорт түрлерінен өнер көрсетеді. Брейкингтен ел намысын Әмір Закиров қорғаса, бадминтон сайысында Дмитрий Панарин бақ сынайды. Олимпияда ойындарының ашылу салтанаты 26 шілдеде Париждегі Сена өзенінде өтеді. Жарысқа 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Спортшыларымызға тілеріміз, ел намысын абыроймен қорғап, олимпиада шыңын бағындырсын. Отанымыздың туы биікте желбіреп, әнұранымыз Франция төрінде шырқалсын.

Қатысты жаңалықтар

ЕУРОКОМИССИЯ APPLE МЕН META-ҒА €700 МИЛЛИОН АЙЫППҰЛ САЛДЫ: ЦИФРЛЫҚ НАРЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН

ulanonlinejob_r46y8xlo

АИДА БАЛАЕВА «ҚАЗАҚФИЛЬМГЕ» ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН 450-ДЕН АСТАМ ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАНЫ ЖАРНАМАЛАЙТЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР БҰҒАТТАЛҒАН

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз