My CMS
Аймақ Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА БІЛІМ ОШАҚТАРЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Шымкент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 28 000 оқушыға арналған 18 жаңа мектеп ашу жоспарланып отыр. Осы мақсатта 2023 жылы 12 мектептің құрылысы басталып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Жобаның алғашқы нәтижесі ретінде қазан айының соңында Нұршуақ (Ынтымақ) және Оңтүстік-Шығыс аудандарында екі жаңа мектеп техникалық пайдалануға беріліп, бүгінде оқушылар заманауи мектептерде білім алуда. Жобаны іске асыруға жауапты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ және мердігер мекемелер қажетті жұмыстарды атқаруда.

2023 жылдың желтоқсанында Жаңатұрлан, Ұлағат, Тұран (саябақ), Нұршуақ (Достық), Ақжар, 276 орам, Тұран (28 орам), Бозарық және Нұртас аудандарында 9 мектептің құрылысын аяқтау көзделген. Ал Таскен шағынауданындағы 1500 орындық мектептің ашылуы 2025 жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отыр.

2024 жылы пайдалануға берілетін мектептердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының 96%-ы аяқталды. Нұршуақ (Ынтымақ) және Оңтүстік-Шығыс аудандарындағы мектептерде инфрақұрылымдық жұмыстар толығымен тәмамдалып, қажетті инженерлік желілер тартылған. Сонымен қатар, оптикалық-талшықты байланыс желілері де 96%-ға орындалып, белгіленген мерзімге сәйкес аяқталады деп күтілуде.

2024-2025 жылдары пайдалануға берілетін 6 мектептің инженерлік инфрақұрылымына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Сонымен қатар, 12 мектепке кірме жолдар мен жарықтандыру жұмыстарының 92%-ы аяқталған, ал Нұршуақ (Ынтымақ және Достық), Оңтүстік-Шығыс және Ақжар мектептеріне кіреберіс жолдарға асфальт төсеу жұмыстары толықтай жүзеге асырылды.

Бұл ауқымды жоба қаладағы білім сапасын жақсартуға және мектептердегі орын тапшылығын шешуге бағытталып отыр. Қала тұрғындары үшін қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру басты мақсаттардың бірі ретінде жүзеге асырылуда.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 100-ГЕ КЕЛГЕН КЕЙУАНА ДАУЫС БЕРДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТАЗАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН САҚТАУ ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ МІНДЕТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз