My CMS
Аймақ

Еңбекші ауданының жалынды жастары

Қазағымның от жалынды жастары,

Өнер менен білім біткен бастары.

Сендер барда көк туымыз желбіреп,

Ашық болсын қазағымның аспаны, демекші кез-келген ел, қала, аудан, ауыл өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздер, жастарға бұйырған бақыт. Еліміздің ертеңі жастардың қолында демекші, бүгінгі біздің мақаламыз Еңбекші ауданының жалынды жастары туралы болмақ. Еңбекші ауданының жастары немен айналысады? Тыныс-тіршілігі қандай? Дәл осы сұрақтарға осы мақала арқылы жауап бере кетейік. Еңбекші ауданының 50 486 оқушысы, 18 198 студенті, жалпы 105 181 жалынды жастары бар.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн! деп М. Б. Жұмабаев атамыз айтқандай, қазіргі жастар білімін шыңдаумен, даму үстінде. Жалпы біздің Еңбекші ауданының жастары кітапханаларда қазақтың дара тұлғаларының өмірімен, поэма, поэзияларымен танысып, білімін дамытуда. Бұл әрине біріншіден.

Екіншіден қазіргі таңда Еңбекші ауданының жастары ізгі ниеттерін, пәк көңілдерін қайырымдылық жасап, елге көмек беру арқылы көрсетуде. Оған дәлел автобустардағы жиі жиі көретін  және қоғамдық жердегі жастар.Негізінен Шымқалада жастардан құралған бір қатар қайырымдылық қоры жұмыс істеп жатыр. Оған қоса қарттар үйі мен балалар үйіне барып көңілі жарым жандарды қуанту мақсатында өнер көрсетіп, сыйлықтарын  табыстап жатқан жастар да аз емес. Осыдан ақ қоғамда қайырымды, мейірімді жастар өсіп келе жатқанын байқауға болады.

Үшіншіден қазіргі таңда жастарға қолдау ретінде ашылған, 2021 жылдан бастап Шымкент қаласының төрт ауданында ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ (ЖРО) жұмыс істеп келеді. Әрине атап өтпесек болмас!

Ол орталықта жастар қоғам қайраткерлерімен,  психологтармен жиі сұхбаттасуға және де ораторлық, шығармашылық кештерге барып, өздерін жан-жақты дамытып жатады. Тағы айта кетерлігі түстен кейін Жастар ресурстық орталығында жастардың қызығушылығын арттыру үшін және уақыттарын тиімді өткізу үшін караоке, теннис, шахмат, шет тілі, домбыра, актерлық шеберлік, көркем сөз оқу шеберлігі, еріктілік, психологиялық үйірмелер және ойын сауық орындары ашылған.

Еліміздің ертеңі, Шымқаламыздың болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып,  сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде.

Мақаланы қортындылайтын болсақ, қай заман болмасын қоғамның қорғаушы күші-жастар! Бүгін де жастар қоғамның қорғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып,Шырайлы Шымкенттің дамып өркендеуіне үлес қосып келеді.

Қорытынды

Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек! Қаламыздың сенімін, үмітін ақтау біздер, жастардың қолында.

Ендігі біздің мақсатымыз — жақсы білім алып, өмірде, еңбекте жақсы жетістіктерге жету, қаламыздың дамуына және шарықтауына үлес қосу!!!

Отырар колледжі, Қазақ тілі әдебиеті мамандаығының 1-курс студенті

Онгарбаева Аселья

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ САЙЛАУДЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН БАСТАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

АҚСАҚАЛДАРДЫҢ АҚ БАТАСЫН АЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ ШЫМКЕНТТЕ 96  ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАЙДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз