My CMS
Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК БАҒЫТТАРЫНА ҚОСЫМША АВТОБУСТАР ҚОСЫЛДЫ

Шымкентте қала тұрғындарының өтініштері ескеріліп, қалада бірқатар автобус бағыттарына қосымша көлік құралдары енгізілді. Бұл өзгерістер автобустардың аралық интервалын қысқартып, жолаушылардың қоғамдық көліктерді ұзақ күтпеуіне мүмкіндік берді.

№16, №108, №61, №171, №180, №191 маршруттарға қосымша 12 автобус қосылды. Осылайша, қоғамдық көліктердің қозғалысы жолаушылардың қажеттіліктеріне сәйкес тиімді ұйымдастырылды. №16 автобус маршрутына 276-орамдағы жолаушылар санының артуына байланысты қосымша 2 кесте қосылып, қазіргі уақытта 10 автобус 15 минуттық интервалмен қатынап жүр. №108 автобус маршрутына Шымсити шағынауданынан Күншығыс шағынауданына дейін қызмет көрсететін 10 автобусқа қосымша 2 кесте қосылды. Енді 12 автобус 15 минуттық жиілікпен қатынауда. №61 автобус маршруты Нұршуақ шағынауданында жолаушылар ағынының артуына байланысты 2 қосымша кестемен толықтырылды. Қазіргі таңда 14 автобус 13 минуттық интервалмен жолаушыларға қызмет көрсетеді.

№171 бағытындағы автобустар Бозарық шағынауданынан әскери комиссариатқа дейін жүреді. Бұрын бұл бағытта 10 автобус болса, жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша 2 кесте енгізіліп, қазір 12 автобус 12 минуттық жиілікпен қатынап жүр. №180 бағытындағы автобустар Көкбұлақ тұрғын алабы мен Гүлжан аялдамасы арасында қызмет көрсетеді. Бұрын бұл бағытта 8 автобус болса, қазір қосымша 2 кесте енгізіліп, 10 автобус 15 минуттық жиілікпен қатынауда. №191 бағытындағы автобустар Қарабастау тұрғын алабы мен Б.Момышұлы көшесі арасында қатынайды. Жолаушылар санының артуына байланысты қосымша 2 кесте қосылып, қазіргі таңда 10 автобус 15 минуттық интервалмен жұмыс істейді.

Бұл шаралар Шымкент қаласының қоғамдық көлігін тиімдірек етіп, жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауды мақсат етеді.

Қатысты жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІМЕН АЙНАЛЫСАТЫН АЗАМАТТАРДЫҢ САНЫ 35%-ҒА АРТТЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ 66 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТАҢБАЛАУ  БОЙЫНША ИНТЕГРАЦИЯЛАНДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТҮЛКІБАС ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖАЙЛЫ КЕҢЕСТЕР АЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз