My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 3897 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары бар. Қазіргі таңда қалада бірқатар ірі жол инфрақұрылымын дамыту жобалары іске асырылуда. Соның бірі — Қонаев даңғылының жалғасын салу. Жолдың бірінші, үшінші және төртінші кезеңдері аяқталып, пайдалануға берілді, ал екінші, бесінші және алтыншы кезеңдерінің құрылысы да аяқталуға жақын. Сонымен қатар, Өтегенов көшесінің жалғасы да жақын арада ашылып, автокөлік қозғалысы үшін қолжетімді болады.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен, А-2 айналма жолын қайта құру жобасы ерекше бақылауға алынған. Бұл жоба сегіз кезеңнен тұрады. Қазіргі таңда алғашқы төрт кезеңі аяқталып, пайдалануға берілді, ал сегізінші кезеңі биыл аяқталады деп жоспарлануда. Бесінші, алтыншы және жетінші кезеңдер келесі жылы жүзеге асырылатын болады.

Байдібек би даңғылындағы жол қозғалысын жақсарту және көлік кептелісін азайту мақсатында Алтынсарин көшесін қайта құру жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар, Сареми, Юсупов, Тамшыбұлақ, Жаңа қоныс және Изенді көшелерін күрделі жөндеу жұмыстары да басталды.

Жол сапасын арттыруға бағытталған шаралардың бірі — қала жолдарын кешенді тексеру және жол мәліметтерінің электронды базасын құру жобасы. Бұл жоба қаладағы жолдардың техникалық жағдайын талдап, олардың паспортизациясын және диагностикасын жүргізуге, мәліметтерді электрондық базаға енгізуге мүмкіндік береді. Автомобиль жолдарын паспортизациялау арқылы жолдардың ұзындығы, техникалық сипаттамалары мен жағдайы туралы нақты мәліметтер алынады. Сонымен қатар, қала көшелерін күтіп-ұстау, жаңғырту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Ағымдағы жөндеу, жаяу жүргіншілер жолдарын жаңарту, жол белгілері мен жол таңбаларын орнату, бағдаршам нысандарын орналастыру секілді шаралар да қолға алынған.

Бұл жобалардың барлығы Шымкент қаласындағы жол қозғалысын жақсартып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: IKOMEK-109 SHYMKENT 123 МЕКЕМЕЛЕРМЕН БІРЛЕСЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ 2000-ҒА ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 251 ОТБАСЫНА АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРЛЕР БЕРІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз