My CMS
Аймақ Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚАНДАСТАРДЫ ҚОЛДАУ: 48 ҚАНДАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

2024 жылдың басынан бері Шымкент қаласында 283 отбасыдан 542 қандас «қандас» мәртебесіне ие болды. Сонымен қатар, 34 отбасыдағы 44 адамның мәртебесі жарты жылға ұзартылды. Қандастардың арасында еңбекке қабілетті азаматтар, жастар мен зейнеткерлер бар.

Қандастардың демографиялық көрсеткіштерін атап айтқанда, ерлер-259 адам, әйелдер-283 адам, 18 жасқа дейінгі жастар-168 адам, зейнет жасындағы азаматтар-63 адам, еңбекке қабілеттілер-311 адам. Ал, білім деңгейі бойынша, жоғары білімділер-61 адам, арнайы орта білімділер-145 адам, жалпы орта білімділер-97 адам. Білімі жоқ азаматтар — 8 адам.Қоныс аударған қандастардың басым бөлігі Өзбекстаннан (441 адам) келген. Қалғандары Қырғызстаннан (1 адам), Ресейден (6 адам) және Түркіменстаннан (2 адам) келіп отыр. Олардың көпшілігі құрылыс, сауда-саттық және басқа да жалдамалы жұмыстармен айналысуда.

Қоғамға бейімдеу шаралары: Шымкентте қандастарға көмек көрсететін арнайы орталықта 18 отбасынан 46 адамға қызмет көрсетілуде. Сонымен қатар, Еңбек мобильділігі орталығына 96 қандас жүгініп, оның ішінде 48 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты. Жұмыспен қамту нәтижелері бойынша, тұрақты жұмыс орнына орналастырылғандар-14 адам, «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша-3 жас маман, «Қоғамдық жұмысқа» тартылғандар — 3 адам, «Алғашқы жұмыс орындары» бағдарламасы бойынша — 9 қандас, «Күміс жас» жобасына қатысқан-1 адам, кәсіпкерлікті дамыту-18 қандас, «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту курстарына қатысып, білімдерін жетілдірді.

Шымкент қаласындағы қандастарды жұмыспен қамту мен әлеуметтік бейімдеу шаралары азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға және олардың қоғамға сәтті кірігуіне үлкен септігін тигізіп отыр. Бұл шаралар қандастардың жаңа ортада өз орындарын тауып, экономикалық белсенділікке қатысуына мүмкіндік беруде.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕРНЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН «САПА+» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

ulanonlinejob_r46y8xlo

НАУРЫЗ ТОЙЫ ГАЛА КОНЦЕРТКЕ ҰЛАСТЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

АСТАНАДА V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз