My CMS
Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА СУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында биылғы жылға жоспарланған су құбыры желілерін жаңарту жұмыстары аясында маңызды жобалардың бірі басталды. Аталған жоба — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қала әкімдігінің бірлескен инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Жобаның негізгі мақсаты – Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданындағы Ватутина көшесінде (Адырбеков көшесінен Шаймерденов көшесіне дейін) орналасқан су құбыры желісін қайта құру.

Бағдарлама 2023-2026 жылдарға арналған, ал 2024 жылға жалпы сомасы 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның ішінде су құбыры желілері бойынша 22, ал кәріз желілері бойынша 21 іс-шара жоспарланған.

Жоба негізінде, 1962 жылы төселген құбырлардың 91 пайызы тозып, апаттар жиі орын алып келген. Осыған байланысты, 300 мм диаметрлі құбырды 160 мм-ге дейін төмендету жұмыстары жүргізілуде. Бұл шешім гидравликалық модельдеу нәтижелері бойынша қабылданған, себебі қазіргі қажеттілік тәулігіне 12 м3/сағ аспайды. Жаңа құбыр өткізгіштігі шамамен 728 абонентті қамтамасыз етуге жеткілікті болады деп күтілуде.

Жоба бойынша 1367 метр құбырды толық ауыстыру көзделіп отыр. Жоспарланған құрылыс-монтаждау жұмыстары қараша айының ортасына дейін аяқталуы тиіс. Жобаның жалпы құны – 120 миллион теңге, ал инвестициялық шығындарды өтеу мерзімі 8 жылға жоспарланған.

Сонымен қатар, жоба аясында 17 ықшамауданында да су құбыры желісін қайта құру бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Бұл жоба 2024 жылға арналған инвестициялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылуда. Инвестициялық бағдарлама аясында осы жобаны іске асыруға 207,3 миллион теңге бөлінген. Жоспар бойынша, жалпы ұзындығы 1860 метр су құбыры жаңартылуы тиіс.

Қатысты жаңалықтар

АСТАНАДА V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

САЙЛАУ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН САЯСИ НАУҚАН

ulanonlinejob_r46y8xlo

Қаңтардан кейін қазақстандықтар депозиттердегі ақшасын көптеп шеше бастады

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз