Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталған болатын. Осы орайда, Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шара белсенді жүргізіліп келеді. Сондай-ақ, биылғы жылдың 21 қыркүйегінде әлем бойынша атап өтілетін “World Cleanup Day” акциясы республика көлемінде ұйымдастырылады. Шымкент қаласында сәуір айынан бері өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шараға 230 мыңға жуық тұрғын, 2301 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, сондай-ақ 687 әлеуметтік мекеме қатысты.
Акция барысында 10 170 бірлік техника жұмылдырылып, 18 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды. Бұл жұмыстарға күн сайын 2000-нан астам жұмысшы мен 150 арнайы техника тартылды. Қала тұрғындары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен ерікті жастар белсенді түрде атсалысты.
Шымкент қаласынжа биылғы жыл басынан бері қалалық экология департаментінің 94 объектіні тексеріп, 1 249 сынама алып, 7 585 талдау жүргізді. Қаладағы ауаның, судың және топырақтың сапасы мұқият зерттелді. Әсіресе, қала арқылы өтетін Қошқар-Ата және Қарасу өзендеріндегі су сапасы нашарлағағы анықталды. Қошқар-Ата өзенінде шекті рұқсат етілген ластаушы заттардың концентрациясы 1,5 есеге өскені анықталды.
Сонымен қатар, Экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Шымкент қаласының Полиция департаментімен бірнеше бірлескен шаралар нәтижесінде — 125 автокөлік тексеріліп, 50 көлік ауаны нормадан тыс ластағаны үшін жауапкершілікке тартылған болатын.