My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН

Елімізде төрт мезгіл уақытында да қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады. Оның ішінде әсіресе жаз айында сақтық шаралары күшейтіледі. Жыл сайын Шымкент қаласында шомылу маусымына байланысты арнайы дайындықтар жүргізіледі. Суға шомылатын аймақтарда құтқарушылардың кезекшілігі ұйымдастырылады, ақпараттық жұмыстар жүргізіледі, сондай-ақ балалар мен ересектерге арналған арнайы судағы қауіпсіздік сабақтары өткізіледі.

Жыл басынан бергі шомылу маусымының қорытындысы бойынша Шымкентте судағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында қабылданған шаралар нәтижелі болғанын айтты. Жағажайларда құтқару қызметтері күшейтілді, бұл жазатайым оқиғалардың санын азайтуға көмектесті. Сонымен қатар, жергілікті билік органдары мен қоғамдық ұйымдар тұрғындар арасында белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, суға шомылу ережелерін сақтау қажеттілігіне баса назар аударды. Нәтижесінде, өткен жылдармен салыстырғанда, судағы қайғылы оқиғалар саны едәуір төмендеген.

Қала әкімдігінің 2024 жылғы шомылу маусымы кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы қаулысы аясында Ғ.Сыздықбековтың бекіткен іс-шаралар жоспары құзырлы мекемелерге жіберілді. Жоспар судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қамтиды.

Шомылу маусымы тек адамдардың демалысы мен қауіпсіздігі үшін ғана емес, сонымен қатар экологиялық жағдайға да үлкен әсер етеді. Шымкент қаласында шомылу маусымы кезінде су қоймалары мен жағажайлардағы тазалық мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бұл маусымда экологиялық акциялар ұйымдастырылып, тұрғындар арасында табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениеті насихатталды.

Естеріңізге сала кетейік Шымкентте  жыл басынан бері шомылу маусымының қорытындысы бойынша қаладағы су айдындарында ластанудың алдын алу мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылған болатын.

Қатысты жаңалықтар

Президенттік сайлауда әр дауыс маңызды

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРҒА 58 БАСТАПҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ ҰЙЫМДАР КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: ҚАР ТАЗАЛАУ 5 БАҒЫТТА ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз