My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІН ҚАНАҒАТТЫНДЫРУ МАҚСАТЫНДА АРНАЙЫ ЧАТ ҚҰРЫЛҒАН

Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 19 бабының 1-тармағына сәйкес, газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Осы орайда, Шымкент қаласының Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз брифингін берді.

Бүгінгі таңда басқарма газ техникалық инспекция бөлімінің қызметеркелері және аудан әкімдіктері мен аудан төтенше жағдайлар басқармалары «Газ техникалық қызметі МКК-і» қызметкерлерінің қатысуымен қала тұрғындарына тұрақты түрде табиғи газбен байланысты оқыс-оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында табиғи газды пайдалануда техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Онда қалада жыл басынан бері үгіт-насихат жұмыстары — 36, мақала — 46, кездесулер мен дөгелек үстел жиналыстары — 11, брифинг және сұқбат — 8, арнайы әзірленген — 36 100 дана жадынама парақшалары таратылған.

Сонымен қатар, үй ішілік газ құрылғыларына қызмет көрсету мекемелері бойынша Шымкент қаласының 109 I-көмек ситуациялық орталығымен интеграциялау жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласы тұрғындары 109 I-көмек ситуациялық орталығына хабарласып, ВДГО мекемелері бойынша мәлімет алуға және олардың жұмыстарына қатысты сыни ескертпелерді қалдыра алады.

Қала тұрғындардың өтініштерін үнемі бақылау жасау мақсатында ВДГО мекемелері, 109 I-көмек және Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен орталықтандырылған чат құрылып, жұмыс атқарылуда. Сонымен қатар, қалада құрылған «Газ техникалық қызметі КММ-і» қала тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік туралы жадынамаларды үйме-үй тарату жұмыстары жүйеге қойылған.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАСТАР ШЕРУІ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТАЗАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН САҚТАУ ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ МІНДЕТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз