My CMS
Аймақ Саясат

ШЫМКЕНТТЕ «SHYMKENT IT HUB» ӨҢІРЛІК ТЕХНОПАРКІ АШЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ғылым мен технологияның өте қарқынды дамып жатқанына тоқталған болатын. Онда «Бір сөзбен айтсақ, заман өте жылдам өзгеріп жатыр. Біз осы өзгеріске бейімделуіміз керек. Әйтпесе өркениет даңғылынан қалып қоюымыз мүмкін. Түпкі мақсатымыз – көшке ілесетін емес, сол көшті бастайтын елдердің қатарында болу. Бұл мақсат, әрине, өте күрделі, оны жақсы түсінуіміз керек. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Жалпы, біз алдымызға қол жеткізе алмайтын тым асқақ мақсаттар қоймауымыз керек, бірақ ғылыми жетістіктерге жету үшін бар күш-жігерімізді салуымыз қажет», — деген болатын.

Бүгінде елімізде заман озығына жету мақсатында бірқатар жаңашылдықтар жүйеге қойылған. Сондай технологиялық жаңа орындардың бірі —  Шымкент қаласында ашылды. «Shymkent Hub» өңірлік технопаркі атауымен ашылған білім беру орынына, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қатысты. «Shymkent Hub» — «Astana Hub» білім беру және инкубациялық бағдарламаларын іске асыруға арналған платформа болады. Оның аумағында белсенді IT-қоғамдастықтың қалыптасуына ықпал ететін түрлі іс-шаралар өтеді.

Жаңа орталықтың негізгі мақсаты — технологиялық кәсіпкерлікті өркендету, стартап-мәдениетті қалыптастыру, IT-саланы және цифрлық білім беруді дамыту. Ашылу аясында IT-стартаптардың, IT-компаниялардың, робототехника мектебінің және Tech Orda бағдарламасына қатысушы жеке IT-мектептердің, сондай – ақ Шымкент қаласының инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.

Стартап-жобаларды әзірлеу барысында қатысушылар кәсіпкерлік негіздерін, инвестицияларды тартуда қолдауды, қаржылық есеп жүргізуді және басқа да қажетті дағдыларды үйренеді.

Қатысты жаңалықтар

«ҰЛТ ҮНІ» ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

БІРҚАТАР НЫСАНДАР ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР АЗАМАТТАР ҮШІН ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз