My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

2024 жылғы 29 тамыз күні ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин бастаған жұмыс тобы Шымкент қаласына іссапармен келеді.
Жұмысшы топ сағат 10.00-де Шымкент қаласының «Достық үйінде» қалалық этномәдени бірлестіктер мен этнос көшбасшыларымен «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» тақырыбында кездеседі.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының 33 сесиясы мен Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында берген тапсырмалардың барысын талқылайды және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайын пысықтайды.
Жиынды қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова жүргізіп, Елордадан арнайы келген жұмыс тобы мүшелерінің сөз сөйлеуі жоспарланған.
Сонымен қатар, қалалық «Ахысқа» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латипша Асанов, қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Пан және қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Тимур Казьмин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындап берген жалпыға ортақ: Тәуелсіздік пен Отаншылдық. Бірлік пен Ынтымақ. Әділдік пен Жауапкершілік. Заң мен Тәртіп. Еңбекқорлық пен Кәсібилік. Жасампаздық пен Жаңашылдық сияқты құндылықтарды халық арасында кеңінен насихаттау бойынша Шымкентте қабылданған кешенді шаралар туралы баяндайтын болады.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның атомдық энергетикасының дамуы біздің экономикамызға қандай әсер береді?

ulanonlinejob_r46y8xlo

ІІІ+ буынды реактор тиімді әрі қауіпсіз

ulanonlinejob_r46y8xlo

ОТБАСЫНДАҒЫ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз