My CMS
Қоғам

КЕНТАУДА ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ ЖАЙЫНДА АЛҚАЛЫ КЕҢЕС ӨТТІ

Кентау қалалық Ардагерлер ұйымы “Әкелер мектебі” және Әжелер алқасының ұйымдастыруымен “Ұрпақ тәрбиесіндегі — бетбұрыс” атты семинар кеңес өтті.

Алқалы жиынға қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, Түркістан облысы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Раманқұлов, қалалық Ардагерлер ұйымының төраға міндетін атқарушы Мамыржан Юлдашев, Әжелер алқасының төрайымы Роза Жұмабекова, мектеп басшылары мен білім ордаларының “Әкелер мектебінің” төрағалары, психолог-социолог мамандары, ата-аналар қатысты.

Жиында ұрпақ тәрбиесінің қазіргі қоғамдағы маңыздылығы, жастардың дамуы, отбасындағы баланың тәлім-тәрбиесі жайында ой қозғалып, маңызды әңгімелер айтылды.

Ұрпақ тәрбиесі қоғамдағы басты назарда болып, әрбір ата-ана бала тәрбиесіне мән беру керектігі, мектептерде тәрбие жайында жиындарды жиі ұйымдастырып, мемлекеттің жарқын болашақтарына дұрыс білім берумен қатар, тәрбиесіне аса мән беру керектігі ұсынылды.

Қатысты жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ОРТАҚ МІНДЕТ: ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ҚАРУДЫ ЕРІКТІ ТҮРДЕ ТАПСЫРУ АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚОСТАНАЙ ДИҚАНДАРЫ БИЫЛ КӨКТЕМГІ ЕГІСТІ ЕРТЕ БАСТАДЫ: АУА РАЙЫ МЕН ТЕХНИКА ДАЙЫН

ulanonlinejob_r46y8xlo

Бейбіт атомды қауіпсіз және сенімді пайдалануды қамтамасыз етейік –Қазақстан атомшылары қазақстандықтарға жүгінді.

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз