My CMS
Аймақ

СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 7 453 АДАМДЫ ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Жұмыссыздық мәселесі —  зaмaнaуи қоғaм үшін әлеуметтік-экономикaлық мәселелердің бірі. Оның  деңгейі кедейшілік көрсеткішін aрттырып қaнa қоймaйды. Сонымен қaтaр психологиялық соққы болып есептеледі. Ал, миллионды шаһарда жұмыссыз жүрген азаматтардың саны 4,9 пайыз. Жыл басынан бері мансап орталығына жұмыс  іздеп жүрген 12 848 адам тіркелген. Осы тұрғыда жауапты сала мамандары бұл межені төмендету үшін барлық іс-шараларды жасап жатыр.

Әлеуметтік саланың басты мақсаты – халықты тұрақты жұмыспен қамту арқылы әл-ауқатын арттыру. Қазір еңбек нарығында техникалық және кәсіптік сала мамандарына, атап айтқанда, дәнекерлеуші, электрик, құрылыс жұмыстарының шебері мен компьютер және аппараттық құралдардың операторы, көкөніс өсірушілерге сұраныс өте көп.

Нарықтағы сұраныс ескеріліп, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту шаралары да жүзеге асырылуда. Ұлттық жоба 10 міндетті көздейді. Оның 3-еуі халықты жұмыспен қамту үшін жәрдемдесуге бағытталған. Нақтырақ айтсақ, басты мақсат – азаматтардың өз ісін ашып, дамытуына жағдай жасау. Спикер: Бекболат Әлиханов – Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильді орталығы директорының орынбасары

Бұл тек жұмыссыздарды азайтып қана қоймай, отандық өндірісті қолдауға да мүмкіндік береді. Кәсіптік оқыту курстарына 18 жастан зейнет жасына дейінгі Шымкент қаласының жұмыссыз азаматтары қатыса алады. Жобаға қатысу үшін жақын орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Не болмаса, Электронды еңбек биржасы немесе Электронды үкімет порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам және жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Субсидияланатын жұмыс орындарына 7 453 адамды қамту жоспарланып, жыл басынан бері нақты 4 288 адам жолданған.

Қатысты жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМДА ҚАБЫЛДАНАТЫН ШЕШІМ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА ЖОЛ АШАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

АӘК –  ҚОҒАМДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚҰРАЛЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

БИЫЛ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз