My CMS
Аймақ

«ШЫМКЕНТ СИТИДЕ» БАҒДАРШАМДАРДЫ ОРНАТУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков былтырғы жылдың күз айында қала тұрғындарымен кездесу барасында жергілікті тұрғындардың бірқатар мәселелерін тыңдаған болатын. Қала әкімі азаматтардың өтініштерін жеке бақылауға алып, проблемалық мәселелерді шешу мақсатында тиісті басқарма басшылығына нақты тапсырмалар берген болатын.

Осыған орай, тез арада тапсырма аясында зерделеу жұмыстары жүргізілді. Қараусыз қалуына байланысты бірнеше учаскелерде жарық шамдарының кабельдері ұрланғаны,  кейбірінің жарамсыздығы анықталды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес белгіленген аумақтарда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні «Шымкент сити» шағын ауданының  басты жеті көшесінің алтауы толық жарықтандырылды. Олардың ішінде Түркия, Қ.Жалаири, Алатау және атауы жоқ №1,2,3 көшелері бар. Шілде айының соңына дейін Абылай хан көшесінде де жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ, шағын ауданда ауыз су, электр энергиясы және табиғи газ мәселелері толығымен шешілген. Сондай-ақ, жол-көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қиылыстарда зияткерлік көлік жүйесіне қосылатын 12 бағдаршам нысанын орнату жоспарлануда. ITS жүйесіне қосылу көлік кептелістерін болдырмайды, өйткені Өтегенов көшесі ашылғаннан кейін көліктер «Асар», «Асар-2» және «Ақжайық» шағынаудандарына «Шымкент сити» көшелерімен өтетін болады.

Осыған дейін бағдаршамдар төрт қиылыста орнатылған болатын және қазіргі уақытта тағы 4 бағдаршам нысанына электр энергиясын жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Қалған бағдаршамдарды орнату бойынша дайындық жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Шымкент Ситиде» аула аумақтарын жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2024 жылдың шілде айының соңына дейін аяқталады.

Еске сала кетейік, «Шымкент сити» шағын ауданында қазір 10 мыңға жуық адам тұрады. Мұнда 3 412 пәтерден тұратын 55 көпқабатты тұрғын үй орналасқан.

Қатысты жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ: БИЫЛ МҮГЕДЕКТІГІ БАР 40 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ, АТТЕСТАТТАУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР АЗАМАТТАР ҮШІН ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз