Биылғы жыл басында Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың төрағалығымен азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру барысы талқыланған болатын. Аталған жоба — былтыр мамыр айында Қазақстанның 8 өңірінде басталды. Ол азаматтарға білікті қаржылық және құқықтық көмек көрсетуді, халықтың қаржылық сауатын арттыруды, азаматтарға банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша проблемалық берешекті реттеуге жәрдемдесуді көздейді.
Тұрғындар арасындағы қаржылық жаңалықтардан хабардар болу және қажетті қаржылық ақпаратты пайдалана білу мақсатында Түркістан облысының Сауран ауданында арнайы сала мамандараның қатысуымен кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Сауран ауданының тұрғындары Прокуратура қызметкерлері, құзырлы орган қызметкерлері, бизнес-тренер Жандос Әзімбай мен психолог Назипа Алтаеваның жеке кеңесіне жүгінді. Онда қаржылық сауаттылықты арттыру және қаржыны тиімді пайдалану, қаржылық алаяқтықтан сақ болу бүгінгі күні кезек күттірмейтін маңызды мәселе екені сөз болды.
- Құқыттық сауаттылықты — әрбір адам білуі керек. Себебі, бүгінгі қоғам соған міндейтті. Заман дамып, қоғам өркендеген сайын алаяқтық жолмен жеңіл ақша табатындардың саны күн санап артып келеді. Бұның бәрі — заң аясында қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. Сол себепті де, мамандардың көмегені жиі жүгінген абзал, — деді Полиция өкілі.
Жиын соңында шараға қатысушылар жауапты сала мамандары сауалдарын жолдап, мамандар тарапы нан тиісті кеңестерін алды.