Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 86 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, 500,0 млн.тг қаржы қаралған.
2022 жылға дейін Абай ауданындағы 29 көше жарықтандырылып, жарықтандырылған көшелер саны 193-қа жетсе, бүгінде қамту көрсеткіші 15,3 пайызды құраған.
Бүгінгі таңда көрсеткішті арттыру мақсатында 2023 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 13 көшеге жарықшам орнату жұмыстары жүргізілді. Қамту көрсетікші 15,1 пайызға жетті.
Сонымен қатар, тұрғындардың өз есебінен жарық шамдар орнатып, 17 көше жарық жүйесіне қосылды.
Абай ауданы аумағында жалпы 27 елді мекенде 55 159 жеке сектордағы үй, 205 көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан. Бүгінде аудан бойынша жалпы 257,7 мың халық орналасқан. Ауданда 1274 көше мен 230 әлеуметтік нысандар бар.
Ауданының инфрақұрылым жүйелерімен қамту көрсеткішіне тоқталар болсақ, аудан сапалы ауыз су және электр жарығымен 100% қамтылған.
Қазіргі таңда Асар-2 шағын ауданында электр жарығымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 2 тоқсанында аяқталды деп күтілуде.
Абай ауданының 23 елді мекені табиғи газбен қамтылған яғни 85,2% құрайды. Бүгінде табиғи газбен қамтылмаған елді мекендер саны – 4 ол пайыздық көрсеткіште 14,8% құрап отыр.
Бүгінгі таңда 3 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Қайнарбұлақ тұрғын алабы-70%, Қайнарбұлақ саяжайы-50%, Ынтымақ-2 шағын ауданы — 56% құрылысы аяқталған.
Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға жоспарланған.
Бүгінгі таңда 27 елді мекеннің 7 елді мекені кәріз жүйесімен қамтылған.
2023 жылы 5 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде:
— Достық шағын ауданының ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталған.
— Асар-2 шағын ауданында құрылыс жұмыстары басталып, сот шешіміне сәйкес тоқталған.
— Бозарық шағын ауданындағы 74 га көп қабатты тұрғын үйлер аумағына кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталған.
— Ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын Шымсити-Төлеметов колектор құрылысы жүргізілуде. Ол 2024 жылға өтпелі.
— Ұзындығы 20,5 шақырымды құрайтын Тұран-А-2 тас жолы колекторының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ол 2024 жылға өтпелі.