My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ ЖОСПАРЛАНҒАН КӨШЕЛЕРГЕ АСФАЛЬТ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100 % қамтылған.

Сондай-ақ, тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру, сапалы жол салу және аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелерді де қамту мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

Нақтырақ айтар болсақ, 38 көшеге (13 шақырым) асфальт, 58 ішкі орам көшелері мен көпқабатты тұрғын үй аулаларына аяқ жол және 20 көшеге ирригациялық жүйелер салынады. 427 көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы асфальт жолдары ретке келтіріліп, ағымдағы жөндеу жүргізілмек. Қазір Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан биыл 38 көшеге асфальт жол төсеу жұмыстарын жүргізу жұмыстары басталып та кетті. Атап айтар болсақ, Ескі қала ш/а және Сәуле ш/а 276 орамдағы ішкі көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Ал, Тұран ауданында Байтұрсынов 75 және 67, 67а ауласына барып, тұрғындармен кездесті. Қазіргі уақытта Байтұрсынов 65 мекен-жайында балалар ойын алаңшаларының құрылысы жүруде. Құрылыс жұмыстарының 90 %-дан астамы аяқталған. Қыркүйек айына дейін пайдалануға берілетін болады.

Сондай-ақ, А.Байтұрсынов №67 үй ауласындағы балалар ойын алаңшасын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді, аула ішілік жол салуды тапсырды.

Абай ауданы аумағындағы Ынтымақ-2 шағын ауданының батыс бөлігінде құрылысы жүргізіліп, асфальт, аяқ жол және жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштері бойынша тұрғын үйлерге кіріп шығу кезіндегі аяқ жолдың сапалы жасалуын тапсырды.

Бүгінгі таңда Ынтымақ-2 ш.а батыс бөлігінде 8 көшеде асфальт төсеу және 8 көшеде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН 450-ДЕН АСТАМ ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАНЫ ЖАРНАМАЛАЙТЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР БҰҒАТТАЛҒАН

ulanonlinejob_r46y8xlo

2023 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНАН БАСТАП КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМА — АҚШАЛАЙ ТҮРДЕ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАҒЫ АДАМДАРҒА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз