My CMS
Аймақ

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 426 АДАМҒА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Жанат Өтебаева «Шымкент қаласында биыл екі лек негізінде 426 адамның кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Алғашқы лек бойынша 20-31 мамыр аралығында өтінімдер қабылданып жатыр», — деді.

Грантқа өтінім беру үшін төмендегі санат қатарында болуы қажет. Оларға – атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар,  көп балалы, оның ішінде балалардың ең үлкені 23 жасқа дейін жоғары оқу орны мен арнаулы орта кәсіптік колледж студенті ретінде жәрдемақы алушы отбасылар, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар кіреді.

Әлеуметтік осал топтардың бизнес — жобаларын жүзеге асыруға арналған қайтарымсыз грант алу үшін үміткер өтінім бергеннен кейін арнайы құрылған комиссия алдында өз идеясын қорғауы тиіс. Комиссия құрамына кәсіпкерлер палатасы, мүдделі басқармалар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылар кіреді.

Комиссия мүшелері бизнес жобаларының өміршендігі, экономикалық өзектілігі, қоғамдық маңыздылығы  қарап қорытынды шығара отырып, хаттама түзеді. Осы орайда грант иегері болғаннан соң қойылатын біршама талаптар бар. Ең алдымен грант иегері ұтқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде салық органдарында өз қызметін тіркеуге міндетті. Кәсібі жайында business.enbek.kz порталда растайтын құжаттарды ұсыну арқылы он екі ай бойы тоқсан сайын растап есебін тапсырады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ПОДДЕРЖКА И РАЗВИТИЯ МОЛОДЕЖИ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТҰРАН ШАҒЫН АУДАНЫНА ҚАТЫНАЙТЫН МАРШРУТТАР САНЫ КӨБЕЙДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

СОЦИС-А КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ЖҮРГІЗГЕН СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз