My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ 1 МИЛЛИОН ДАНА ГҮЛ ЕГІЛЕДІ

Қазіргі таңда экологиялық проблема бүкіл әлем бойынша өте өзекті болып отыр. Адамзаттың сапалы өмір сүруіне тікелей әсер ететін бұл тақырып ешқашан да күн тәртібінен түскен емес. Бүкіл әлем елдері осы мәселені шешу мақсатында түрлі жобалар ұсынуда. Аталған бағыттағы жұмыстар біздің елімізде де іске асырылуда. Атап айтатын болсақ, еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы әзірленеді. 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба 4 негізгі бағытты қамтиды. Өз кезегінде аталған жоба халық үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру және экологиялық жағдайды жақсарту, қалдықтарды өңдеу және оларды пайдаланудың экологиялық қауіпсіздігі инфрақұрылымын құру, көлдердің суы сапасын жақсарту, сондай-ақ суару кезіндегі ысырапты азайту мүмкіндігін беретін болады.

Шымкент қаласында ағымдағы жылы 1 млн дана біржылдық гүл егу жоспарланып отыр. Бүгінде қаланың орталық көшелері, айналма жол, жол бұрылыстары және вазондарда гүл отырғызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, Бәйдібек би және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан «Хан қорғанына» 45 мың дана сальвия және антирринум біржылдық гүлі егіледі. Гүлдер композициясы казақи нақыштағы ою-өрнек пішінінде көмкеріледі.

Ал, Еңбекші ауданында орналасқан №1 автожол бойындағы айналма жолға петуния, тагетес, катарантус сияқты жалпы саны 48 мың біржылдық гүл отырғызылады. Қаланың көрнекті орындарының бірі — Кабанбай батыр даңғылы мен Анаров көшесінің қиылысы, теміржол вокзалы тұсындағы айналма жол маңында да көріктендіру жұмысы жүргізілуде. Бұл аумақ шафран, сальвия және целозия секілді біржылдық гүлдермен толығып жатыр.

Гүлдер арнайы ұңғыма арқылы суарылады. Бүгінде қарқынды жүргізіліп жатқан көріктендіру жұмысына мердігер мекемелердің арнайы агроном мамандары мен техникалары жұмылдырылған.

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

КӨКПАР СПОРТЫНЫҢ ТӨРЕШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ, БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЗЫҒҰРТ ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз