My CMS
Аймақ

2024 жылғы 1 қаңтардан бастаппаспорт пен жеке куәлікті алған кезде азаматтардыміндетті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі

Дактилоскопиялық тіркеу-бұл саусақтардың папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат алу. Міндетті дактилоскопиялық тіркеу біздің елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады.
Анықтама: 12 жасқа дейінгі балалардан басқа, ҚР-ның барлық азаматтары және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуге жатады. 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар ерікті негізде дактилоскопиялық тіркеуге жатады.
Саусақ іздерін алу ХҚКО-да жеке куәліктерді, паспорттарды, Шетелдіктің тұруға ықтиярхаттарын және азаматтығы жоқ адамның куәліктерін ресімдеу кезінде жүргізілетін болады.
Міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 443-1-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Дактилоскопиялық тіркеудің мақсаты-адамның мүдделерін қорғау, оның заңды құқықтарын, денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Артықшылықтары айқын.
Біріншіден, бұл іс-шаралар жеке тұлғаларды биометриялық сәйкестендіруді жетілдіруге бағытталған, бұл өз кезегінде заңсыз құжаттандыру фактілерін болдырмауға, құжаттарды қолдан жасаудан, олардың иелерін алаяқтық және өзге де қылмыстық әрекеттерден қорғауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, дактилоскопиялық тіркеу біздің азаматтарымыздың басқа елдердің мемлекеттік шекараларын кесіп өту рәсімін жеңілдетуді көздейді.
Үшіншіден, бұл күнделікті өмірде де, жазатайым оқиғаларда да, соның ішінде техногендік және табиғи сипаттағы жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіру рәсімін жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар жеделдетеді.
Сондай-ақ, болашақта дактилоскопиялық ақпараттың арқасында заманауи смартфондар арқылы мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан алуды одан әрі дамыту мүмкіндігі пайда болады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҚЫС ӨҢДЕУ КЕШЕНІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТАЛ ЕКТІ, ТАЗАЛАДЫ, АЙНАЛАНЫ КӨРКЕЙТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНІҢ БОЙЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз