My CMS
Аймақ Саясат Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 66 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласы бас жоспарыны аясында жыл соңына дейін 2,6 мың пәтерге арналған 66 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Биылғы қорытынды бойынша 1,4 млн м2 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Тұрғын аудандарда жайлы мектептер, емханалар, заманауи спорт кешендерінің, сондай-ақ Оқушылар сарайының құрылысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Ақжайық шағын ауданында 36 тұрғын үй салынып жатыр.

Қазіргі таңда қаланы айналып өтетін транзиттік көліктің өтуін қамтамасыз ету үшін ұзындығы 28,2 км «Қорғас-Алматы-Шымкент-Өзбекстан Республикасы шекарасы» А-2 автожолын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асыловтың баяндауынша, қаланы айналып өтетін транзиттік көліктің өтуін қамтамасыз ету үшін ұзындығы 28,2 км «Қорғас-Алматы-Шымкент-Өзбекстан Республикасы шекарасы» А-2 автожолын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қаланың одан әрі дамуы, өндірістік қуаттардың кеңеюі және жаңа инфрақұрылымдық жобалардың іске қосылуы тұрақты және үздіксіз энергиямен жабдықтауды талап ететіні атап өтілді. Бүгінгі таңда Шымкентте жеке өндірілетін энергияның жалпы қуаты 120 МВт құрайды, сонымен бірге қала 400 МВт, сұраныстың ең жоғары кезеңдерде – 500 МВт қуатты тұтынады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70%-ын қамтамасыз ететін көмір электр стансаларына қатты тәуелді екенін атап өтті. Алайда, бұл модель күрделі мәселелерге тап болуда, өйткені жұмыс істеп тұрған стансалардың тозу деңгейі жоғары. Биылғы 6 қазандағы референдумда оң шешім қабылданған жағдайда атом электр стансасы осы проблемалардың шешімі бола алады. АЭС тұрақты энергиямен қамтамасыз ете алады. АЭС құрылысы энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыруға ықпал ететін болады, бұл ретте қалдықтарды жинау мен сақтаудан бастап утилизация мен қайта өңдеуге дейінгі басқарудың барлық аспектілері ескерілетін болады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛГЕН

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕЛОРДАДА AUTOMECHANIKA ASTANA 2025 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ АРТҚАН

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз