My CMS
Аймақ

ШАҺАР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр.

Осы орайда, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы жаяу аралап, бір қатар көшелерді аралап көрді. Қала тұрғындары қаладағы ең үлкен көшелердің бірі – Тәуке хан даңғылындағы тас төсеуіштердің жылтырлығына шағымданған болатын. Тұрғындардың талабына құлақ түрген жауаптылар шаһардың орталық көшелері қалай өзгеретінін айтып берді.

Осыдан 10 жылдай бұрын Тәуке хан даңғылы бойына аяқжол салынған еді. Алайда жыл сайын қыс түскенде тұрғындар мұнда жүру мүмкін еместігін айтумен келеді. Тіпті қар жауған кезде адамдар құлап, жарақат алған жағдайлар да болған. Сондықтан қала басшысы тас төсенішті ауыстыру туралы ұсынысын айтты.

«Мұнда жүретін тұрғындар ғой. Сондықтан халықтың пікірін білеміз. Егер асфальт салу керек болса, асфальт салып береміз», -деді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Бұған дейін қырлы тас төсеуіштің беті жылтыр болуына байланысты жөндеуден өткен болатын. Алайда ол ұзаққа шыдамаған. Сондықтан жаяу жүргіншілер жолының плиталарын қысқартып, айналасын жасыл желекке айналдыру жоспарда бар.

«Арықтар биік болған. Соны қалыпқа келтіріп жатырмыз. Оқушылар аяқжолмен жүретіндей етіп жатырмыз. 1-2 рет оқушылардың арыққа құлап кеткені бар. Соны жөндеп, құлап-бұзылып тұрған арықтарды қалыпқа келтіріп жатырмыз», – дейді Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов.

Жүргіншілер жолының айналасына 3 метр көгал төселеді. Сол арқылы жасыл Шымкентті қайта қалтына келтіреміз дейді жауаптылар. Ал тас төсеуіштерді ауыстыру мәселесіне қатысты шешім қала тұрғындарының құзырында қалады. Айта кетейік, құрылыс жұмысы демеушілер тарапынан жүргізіледі.

Қатысты жаңалықтар

ТАССАЙ ШАҒЫНАУДАНЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА 

ulanonlinejob_r46y8xlo

“БОЗАРЫҚ-3” ШАҒЫНАУДАНЫ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ: ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз