Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жол картасы бекітілген. Жол картасына сәйкес, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы барлық мемлекеттік кәсіпорындарында комплаенс офицер қызметі құрылған. Қазіргі таңда, Шымкент қаласының денсаулық сақтау ұйымдарында жалпы 28 комплаенс офицерлері тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков баспасөз брифингінде баяндады.
Брифингте кадр мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында әр аурухана мен емханаларда атқарылып жатқан жұмыстармен медицина ұйымдарының басшылары бөлісті. Медицина мекемелеріне жұмысқа қабылдауды ашық және объективті өткізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша жою мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы 2022 жылы «i-shymkent.kz» порталы арқылы НR-процесс жүйесін жүргізуді қолға алынып, интеграциялау жұмыстары жүргізген. Бүгінде қаладағы медицина ұйымдары арасында жалпы денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа әкелетін факторларды алдын алу мақсатында 11 жоба қолға алынып, 5-жоба пилоттық режим негізінде жүзеге асырылып келеді.
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау саласында кадр мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатына да бір қатар қарқынды жұмыстар атқарылуда.
Медицина мекемелеріне жұмысқа қабылдауды ашық және объективті өткізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша жою мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы 2022 жылы 8 қыркүйекте №38-02-04/3956 санды шығыс хатпен қалалық Цифрландыру басқармасымен бірлесе отырып қазіргі уақытта «i-shymkent.kz» порталы арқылы НR-процесс жүйесін жүргізу қолға алынып, интеграциялау жұмыстары жүргізілген.