365online
Аймақ

«Тарихтан тағылым» әлеуметтік жобасы аясында форум өтті

2023 жылдың 23 мамыр күні сағ 14:00 де Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тарихтан тағылым» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы бойынша екі күндік форумның алғашқы күні өтті.
Форумның мақсаты жас мамандардың білімге, ана тіліне, ел тарихы мен көрнекті қайраткерлеріне деген танымдық қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке баулу, тұлғалық деңгейлерін жан-жақты дамыту.
Аталмыш форумға 500-ге жуық студент жастары қатысып, тарих ғылымдарының докторы, профессор Найманбаев Бекмұрат Рахымбердіұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нартбаев Шымырбай Жақсыбайұлы және тарих ғылымдарының кандидаты Нұрпейісов Нариман Шумақұлы баяндама оқып, өз ғылыми зерттеу жұмыстарымен жастармен бөлісті. Форум барысында жастарға арнайы таралым материалдар таратылып кофе-брейк ұйымдастырылды
Жалпы кездесу барысында еліміздің тарихында өзіндік орны бар тұлғалардың өмірінен қысқаша түсіндірмелер жүргізілді.
Форумның екінші күнін студент жастармен қаламыздың тарихи мұражайларына экскурсия жасап өткізу жоспарлануда.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТ КЕШЕНІН САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ АЛУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АРТҚАН

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАС САҚШЫ» КАДЕТ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП РУХЫНДА ТӘРБИЕЛЕНГЕН ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз